8 декабря
  • НУР-СУЛТАН......−2
  • EUR...............427.12
  • USD...............384.97
  • RUB...............6.04
Жаңа жылдан бастап "Қорғас" кеден бекеті арқылы алып өтетін қол жүгінің салмағы екі есе қысқарады |  | BNews.kz 13 Ноября, 2018, 18:20 2057

Жаңа жылдан бастап "Қорғас" кеден бекеті арқылы алып өтетін қол жүгінің салмағы екі есе қысқарады

Осыған дейін алып өтетін жүк салмағы 50 кг-нан аспауы тиіс еді.



Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 1 қаңтардан бастап кеденнен алып өтетін қол жүгінің салмағы 50 келіден 25 келіге дейін қысқарады, деп хабарлайды  BNews.kz almaty.tv-ға сілтеме жасап.

"Қорғас" кеден бекетінен күніне орташа есеппен, 40 тоннадан астам қол жүгі өтеді екен. Ал қалыпты көрсеткіштен көбейіп кеткен қол қапшықтағы бір келі зат үшін 4 еуроға шақталып төленеді. Бекеттегі бақылауды берік етудің арқасында мемлекетке тек қол жүгінен күніне 1 миллион теңгеге шамасында түсім түсіп тұр.  

Тауарды тегін алып өту салмағы тағы да төмендейтіндіктен, кедендік  кіріс  көлемі көбеюі мүмкін дейді бекеттегі бақылаушылар.  

Читайте новости baigenews.kz в Telegram