13 декабря
  • НУР-СУЛТАН......−7
  • EUR...............429.26
  • USD...............383.95
  • RUB...............6.16
Тараздың оқушылары мен колледж студенттері әскери бөліммен танысты |  | BNews.kz 10 Января, 2019, 10:37 7006

Тараздың оқушылары мен колледж студенттері әскери бөліммен танысты

Әскери қызметшілер оқушыларға әскери бөлімнің тарихы, оның функциялары мен міндеттері туралы ақпарат берді.



Мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру ролін күшейту туралы "Әрбір қазақстандықтың еліміздегі қайта құру процестеріне қатыстылығы" атты Елбасы Жолдауының VI бөлімін іске асыру шеңберінде мектептерде өскелең ұрпаққа арналған Тараз гарнизонының әскери бөліміне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Оқушылардың әскери бөлімге баруы плацтан басталды. Онда бригаданың барлау бөлімшесінің жеке құрамы қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілдері мен жауынгерлік даярлықтың өзге де элементтерін паш етті. Көптеген оқушылар әскери бөлімге экскурсияны алғаш рет жасады. Оқушылар әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігі, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың өткізілу орындарымен танысты.

Жас өрендердің айрықша қызығушылығын шағын қару-жарақ көрмесі туғызды. Онда әртүрлі модификациядағы Калашников атвоматтары, қол танкіге қарсы гранатаатқыштар мен қарудың өзге түрлері көрсетілді. Әскери қызметшілер оқушыларға әскери бөлімнің тарихы, оның функциялары мен міндеттері туралы ақпарат берді.

"Ашық есік күндерінің өткізілуі армияға азаматтық қоғам үшін барынша ашық болуға мүмкіндік береді. Бұл өскелең ұрпақты әскери кәсіпке деген құрмет патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал етеді және Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге бозбалаларды белгілі бір тұрғыдан дайындауда септігін тигізері хақ", - деді бөлім командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Дүйсембаев.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram