7 декабря
  • EUR...............427.12
  • USD...............384.97
  • RUB...............6.04
Синоптиктер алдағы үш тәулікте елімізде қар жауып, көктайғақ болады деп болжауда |  | BNews.kz 17 Октября, 2018, 12:36 2508

Синоптиктер алдағы үш тәулікте елімізде қар жауып, көктайғақ болады деп болжауда

Ауа температурасы қалыпты температурадан 3…5°С төмен болады.



Алдағы үш тәулікте елімізде қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, суық арктикалық ауа массасының басып кіруі күннің суытуын және жауын-шашын, әсіресе Қазақстанның барлық дерлік аумағында қардың жаууын туындатады.

"Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыстарда жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 3…5°С төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы, ауа температурасы күндіз плюс 12…20°С дейін жылынады", - делінген хабарламада.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram