7 декабря
  • EUR...............427.12
  • USD...............384.97
  • RUB...............6.04
Рельстен шығып кеткен "Астана-Алматы" бағытындағы пойызда бір адам қаза тапты |  | BNews.kz 17 Июня, 2018, 16:35 2143

Рельстен шығып кеткен "Астана-Алматы" бағытындағы пойызда бір адам қаза тапты

Зардап шеккендер саны анықталуда. Жағдайға байланысты шұғыл телефон іске қосылды.



17 маусымда сағат 13.25-те Жамбыл облысының Шу ауданында, "Шығанақ-Шу" аралығының 1500 шақырымында "Астана-Алматы"  бағытындағы №9 жолаушылар пойызының 6 вагоны рельстен шығып, оның 3-еуі аударылып қалды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Нәтижесінде төрт адам зардап шекті, оның біреуі қайтыс болды (аты-жөндері анықталуда).

Оқиға орнында құтқарушылар жасағы, медициналық-құтқару пунктінің жедел көмек көрсету бригадасы, жедел жәрдем реанимобильдері жұмыс жасауда. Пойыз жолаушылары "Астана-Кызылорда" бағытындағы жүрдек пойызға отырғызылып, Шу стансасына жөнелтілді.

"Сағат 15.10-да "Қазәуеқұтқару" тікұшағымен оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Б.С, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Жамбыл облысы ТЖД-ның басшысы ұшып шықты", -делінген таратылған хабарламада.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл телефон жұмыс істейді. Шұғыл телефон төмірлері: 51-35-75, 51-41-67.

Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ  арнайы комиссия құрды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram