13 декабря
  • EUR...............429.26
  • USD...............383.95
  • RUB...............6.16
Астанада "Нұрлы жер" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда |  | BNews.kz 20 Июня, 2018, 12:14 2074

Астанада "Нұрлы жер" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда

Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер қатарында Астана үлесі 23 % құрайды.



"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Астана әкімдігіне биыл бюджеттен 18,7 млрд теңге меминвестиция бөлінген. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға – 12,9 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 5,8 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың құрылыс секторына қаңтар-мамыр айларында 1072,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жылдық жоспар 2 362 мың ш. м. Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер қатарында Астана үлесі 23 % құрайды, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беруде.

Қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 148, 9 млрд теңгені, НКИ – 77,2 %, жылдық жоспар – 661,5 млрд теңге құрады. Оның үлесіне республика бойынша құрылыс жұмыстарының шамамен 17,3 % көлемі кіреді.

Астана үлесіне тұрғын үй құрылыс саласына тартылған шамамен 26,4 % инвестицияны құрайды. Қаңтар-мамыр аралығында 103,4 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылған, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,8 % құрауда.

Тұтастай алғанда, Астанада жалпы салынған пәтердің 42,2 %-ы тұрғын үй қорына енгізіліп, пайдалануға берілді.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram