13 декабря
Астанада қазақ интернетінде контент жасаушылардың III форумы өтуде |  | BNews.kz 6 Декабря, 2018, 11:59 3647

Астанада қазақ интернетінде контент жасаушылардың III форумы өтуде

Биыл үшінші рет өтетін "QAZFORUM-2018" шарасы бүгінде еліміздегі онлайн БАҚ қызметкерлері, танымал журналистер мен блогерлердің басын қосатын маңызды платформаға айналып отыр.



Астанада қазақ интернетінде контент жасаушылардың III форумы өтуде, деп хабарлайды  BNews.kz.

Бүгінгі таңда "QAZFORUM" – қазақ тіліндегі сайттар мен сандық байланысты дамыту бойынша сұрақтарға жауап беруді мақсат тұтады.

Форумның мақсаты – қазақ тілді сайттарды дамыту жолдары мен осы саладағы өзекті мәселелердің шешімін қарастыру. Сондай-ақ, интернеттің адам өміріне әсері, әлеуметтік желілердегі белсенділік, сауаттылық, қауіпсіздік, азаматтық жауапкершілік, интернет-бизнес және тағы басқа тақырыптарды қозғау.

Алғаш рет қазақ сайттары редакторларының конференциясын 2013 жылы "Нұр Отан" партиясы мен Абай-ақпарат қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын.

Ал, өткен жылы "Қазақстан" телерадиокорпорациясы, Қазақстандағы АҚШ елшілігі және Қазақстан баспасөз клубы бірігіп, қазақ сайттары редакторларының ІІ форумын өткізді. Аталған шараға Қазақстанның барлық аймағынан 150-ден астам журналист пен блогер қатысқан болатын.

Биыл үшінші рет өтетін "QAZFORUM-2018" шарасы бүгінде еліміздегі онлайн БАҚ қызметкерлері, танымал журналистер мен блогерлер, медиабизнес, интернет-жарнама өкілдерінің басын қосатын маңызды платформаға айналып отыр.

Форум аясында танымал медиасарапшылар, журналистер мен блогерлер өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram