13 декабря
  • EUR...............429.26
  • USD...............383.95
  • RUB...............6.16
 Astana Media Week-тің мақсаты мәдени және ақпараттық байланыстарды тереңдету – Абаев |  | BNews.kz 26 Сентября, 2018, 10:19 1816

 Astana Media Week-тің мақсаты мәдени және ақпараттық байланыстарды тереңдету – Абаев

Жиынға 2 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.



Бүгін Астанада "Қазмедиа орталығында" отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да сала өкілдерінің басын қосатын Astana Media Week басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Апталықты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.

"Барлығыңызды Astana Media Week салтанатты шарасының ашылуымен құттықтаймын. Елбасымыз отандық медиа саласының дамуына әрдайым айрықша көңіл бөліп отырады. Президент Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының дамуында қоғамымыздың бірлігін нығайта түсетін, сенімді қадам басуын қамтамасыз ететін көпір көріп отырмыз дейді. Осымен екінші жыл өтетін ауқымды кең шара еліміздегі ғана емес, аймақтағы медиа нарықты қалыптастыруға және одан әрі дамытуға серпін береді деп сенеміз", - деп атап өтті ол.

Министр бұл бұл апталық қатысушылар үшін озық тәжірибемен алмасып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға, жаңа технологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік екенін айтты.

"Бұл шараның басты мақсаты отандық медиа нарықты жан-жақты дамыту ғана емес, мәдени және ақпараттық байланыстарды да тереңдету. Байланысы мықты мемлекеттің қорғанысы да қуатты. Жылдан-жылға осы апталыққа қатысуға ықылас білдірген елдердің де саны артып келе жатқаны сіздер мен біздің бірігіп атқарып отырған істеріміз оң нәтижесін береді деп сенемін. Сондықтан да бұл апталық қатысушылар үшін озық тәжірибемен алмасып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға, жаңа технологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік екенін ескерейік. Жиынның табысты өтуіне тілектеспін", - деді Дәурен Абаев.

Astana Media Week тек қана журналистерді емес, сондай ақ мемлекеттік орган өкілдерін, сарапшыларды, сондай-ақ шетелдік қонақтардың да басын қосты.

"БАҚ саласы қоғамның дамуындағы ең маңызды компонентке айналды. Сіздердің әр еңбектеріңіз ақпараттық ландшафты ғана емес, сондай-ақ саясаттан қаржыға дейінгі ауыл шаруашылығынан спортқа дейінгі салалардың дамуына импульс береді. Astana Media Week тек қана журналистерді емес, сондай ақ мемлекеттік орган өкілдерін, сарапшыларды, сондай-ақ шетелдік қонақтарды жинайды. Astana Media Week арқасында бір жыл бұрын елімізде алғаш рет 100-ден астам продакш-компаниялар үшін контент маркет өтізілді. Сондай-ақ, республикалық телеарналар "продакшн" индустрияда көптеген қызықты, креативті тұлғаларды ашты. Биыл контент маркет аясында 18 республикалық және аймақтық телеарналардың стенді қойылады. Сондай-ақ, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Түркия өкілдері де қатысады. Бұдан бөлек жергілікті БАҚ үшін өзекті мәселелерді талқылайтын алаңға айналды. Бұл алаң дәстүрлі түрде жалғасып, маңызы арта түседі деп ойлаймын. Үш күнге созылатын шара қонақтарымыз үшін пайдалы болады деп сенемін", - деп сөзін түйіндеді ол.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram