11 декабря
  • EUR...............428.14
  • USD...............386.3
  • RUB...............6.08
Қазақстан мен Өзбекстан туысқан ұлт ретінде қатар дамып келеді  – сарапшы | Мнения | BNews.kz 18 Сентября, 2017, 17:12 15503

Қазақстан мен Өзбекстан туысқан ұлт ретінде қатар дамып келеді – сарапшы

Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде Өзбекстан мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасы 35 пайызға өскен. Бұл өте жоғары көрсеткіш, - дейді екі елдің тығыз қарым-қатынасы жайлы айтқан саясаттанушы Камал Бұрханов.



«Өзбекстан мен Қазақстан Орта Азиядағы ең үлкен іргелес екі мемлекет қана емес, туысқан ұлт ретінде қатар дамып келеді. Екі елдің экономикасы бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырады деп есептеймін», - деген саясаттанушы Жібек жолының бойындағы екі елдің болашақтағы қарым-қатынасы тіпті де нығая түсетініне сенімді.

Камал Низамұлы екі ел инвестициясына Өзбекстандағы 1 жарым млн қазақ пен елімізде өмір сүретін 400 мың өзбек ағайынның үлесі бар екенін айтты.

«Елбасының бұрынғы президент Ислам Кәрімовпен қарым-қатынасы өте жақсы болды. Басқаны айтпағанда, Елбасымыз бір жылға жетпейтін уақыт ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиёевпен 5 рет кездескен. Сол кездесулерде қаншама құжаттарға қол қойылды. Осы аз уақыт ішінде екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас 35 пайызға ұлғайыпты. Енді екі мемлекет сауда-саттық қатынасын 5 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Өзбекстанда 1 жарым млн қандасымыз тұрса, біздің елде 400 мың өзбек ағайын өмір сүріп отыр. Олардың барыс-келісінің өзі қаншама инвестицияны елге тартып жатыр. Біз үшін орта ғасырда Жібек жолы арқылы қалыптасқан сауда қарым-қатынасын дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар», - деді Камал Бұрханов.

Читайте новости baigenews.kz в Telegram